Жүк көліктерін шекарадан заңсыз өткізуге көмектескен қылмыстық топ ұсталды. Оқиға Түркістан облысында тіркелген. Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар жүк көліктерінің жүргізушілерін кедендік рәсімдерден жедел өткізу үшін делдал болған. Тінту кезінде 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша мен заттай дәлелдер тәркіленген. Операцияны ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен өткізген.