Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтарға көмектесті деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша ол жеткізуші қызметін атқарып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың нұсқауымен банк карталары және телефондарды тасымалдаған. Банкоматтардан ақша алып отырған. Күдікті бұл «кәсібін» төрт ай бұрын бастапты және осы уақытқа дейін бірнеше рет ел аумағынан шығып, Қазақстан азаматтарының банк карталарын қылмыстық топтың құрамына кіруі мүмкін адамдарға тапсырған. Тәртіп сақшылары күдіктіні Алматы қаласында қолға түсірді. Одан бес телефон және 13 банк картасы тәркіленді. Картаны иелері ақша үшін өз еркімен бергені анықталды.