СҚО-да интернет-алаяқтықтан келген шығын ₸800 млн-нан асты

  • 1
  • 29.07.2026, 19:38

Петропавлда полицейлер жыл басынан бері алаяққа ақша аудармақшы болған 28 адамды тоқтатып үлгерді. Полицейлер интернет-алаяқтардың арбауына түскен жанды бірден тануға болады дейді. Қыруар қаражатты банкомат арқылы аударғалы тұрған жәбірленуші телефонын тастамай, қылмыскердің дегенін істейді. Мәселен, Тайынша ауданының тұрғыны тиімді инвестиция деп ойлап, 13 млн теңгесінен айырылып қала жаздады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтардың айла-тәсілдері күн сайын түрленіп жатыр. Тіпті өзін «әкімдік қызметкерімін»-деп танысатындары да бар.

Милена Балацкая, СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- СҚО аумағында 356 интернет-алаяқтығы дерегі тіркелді. Келген шығын көлемі 800 млн теңгеден асады. Кибер-алаяқтық дерегінің 16,2%-ға азайғандығы байқалады. Алаяқтар негізінен зейнет жасындағы адамдарға қоңырау шалып, коммуналдық қызмет өкілі ретінде танысады. Жыл басынан интернет-алаяқтық деректеріне қатысты 72 қылмыстық іс аяқталды. Оның 55-і ауыр санатқа жатады. Жәбірленушілерге 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.