Экологтар, балық шаруашылығы мен ветеринария саласының мамандары тиісті сынамалар алды.
Жасанды көлдегі су жәндіктерінің қырылғаны туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жариялаған. Су қоймасы жағалауының әр жерінен шағалалардың да өлекселері табылды. Мамандар судағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуына не себеп болғанын анықтау үшін су қоймасының экологиялық жағдайын жан-жақты тексеріп жатыр. Сынамаларды зерттеу нәтижесі 5-6 күнде белгілі болады.
Талап Ұснадин, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
- Үш жерден судың сынамалары алынды. Яғни ол «Қандыағаш-Ақтөбе» тасжолы маңы, Ақтөбе суқоймасының басы, Ақтөбе құс фабрикасының қасынан және суқойманың төменгі жағынан. 4-5 күн ішінде зертханалық жұмыстар жасалып, қорытындылары шығады. Сол кезде нақты неден болғанын айтамыз.