Абай облысында аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бухгалтері сотталды. Ол екі жыл бойы өзіне және мекеменің іс жүргізушісіне бекітілгеннен жоғары айлық аударып отырған. Жалпы көлемі 8 млн теңгені жымқырған.
Тергеу барысында бухгалтер өз кінәсін мойындап, мемлекет шығынын толық қайтарды.
Айым Қабылова, Абай облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
– Жарма аудандық сотының үкімімен ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығын шектеу, бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан шектеу жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді.