Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңаөзендегі өрт: зардап шеккендер жоқ

  • 0
  • 16.11.2026, 18:12

Маңғыстау облысында өндірістік база аумағында болған өрт себебі анықталып жатыр. Оқиға түнгі сағат үште Жаңаөзен қаласының солтүстік аймағында тіркелді. Жалын салдарынан бес қоймада сақталған 6 тонна дизель отыны мен ғимарат алдында тұрған екі жүк көлігі жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдай қызметінің оннан астам арнайы техникасы тартылған. Алдын ала тексеру нәтижесінде өрт шыққан қоймалардың жанар-жағармай сақтауға арналмағаны белгілі болды.   

Жасұлан Қонашев, Жаңаөзен қалалық ТЖБ аға анықтаушысы:

-Мұндай жерде жанар-жағармай сақталуға тиісті емес. Өте қауіпті. 300 шаршы метр таза өрттің жанған жері. Бұл ғимараттың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден көп. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт-сынақ зертханасы тобын арнайы шақыртық. Сол кісілер өз жұмысын жасауда.