Жыл басынан бері ел аумағында 146 орман өрті тіркелген
Енді соңғы бірер жылдағы орман өрті көрсеткіштеріне тоқталсақ. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, биыл жыл басынан бері ел аумағында 146 орман өрті тіркелген. Қызыл жалын 24 мыңға жуық гектарды шарпыған. Келген шығын — 66 миллион теңге.
Абай облысындағы Бородулиха ауданында 22 мамырдың шыққан орман өртінен 3 мың 500 гектар жасыл желек жанып кеткен еді. 201 техника мен 10 тікұшақ тартылып, бірнеше күнде әзер сөндірілген.
Ал өткен жылы 801 орман өрті тіркелген. Салдарынан орман қорының 104 мың гектары жойылды. Келтірілген шығын 20 миллиард теңгеден асады. Ауқымды дегені — Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрт. Басаман және Семиозерный орман шаруашылығындағы 91 тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза болған. Шығын көлемі — 18 миллиард теңге. Жалпы аумағы 43 мың гектардан асқан. Яғни орман шаруашылығының үштен бірі жанып кетті деген сөз.
2021 жылғы көрсеткіш те ауқымды. 712 орман өрті тіркелген. 148 мың гектар алқап жанып кеткен. Келтірілген шығын — 4,6 миллиард теңге. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы орман өртінен 35 үй мен 9 шаруашылық құрылысы жойылған еді. Қызыл жалын щарпыған аумақ 310 мың гектар. Өкініштісі, адам шығыны болған.