Хабар телеарнасы

Өрттен қаза тапқан орманшыны ақтық сапарға шығарып салды

Абай облысында алапат өрт ортасында қалып, қаза тапқан 14 орманшынының алғашқысын, 51 жастағы Саят Нұржігітовты отбасы, туған-туысы ақтық сапарға шығарып салды. Апталдай азаматтың артында жары, 3 баласы қалды. 

 

Эльмира Ахметова, тілші: 
- Иә, табиғатты қорғап , сол табиғатқа қайтқандардың алғашқысын жерлеу рәсімі жаңа ғана өтті. Сол жерден оралдық. Ол жерге бару, түсіру, сұхбат жүргізу бізге де оңайға соқпады.

Саят Нұржігітов 51 жаста. Аттай 19 жыл өмірін орманға арнапты. Соңғы уақытта «Семей орманы» резерватның Новошульба филиалында Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы болып еңбек екен. Азаматтың жұбайы да өзімен бірге орманшылықта істепті. Сондықтан орманшылар отбасы отағасынан айырылып тұр. Марқұмды соңғы сапарға шығаруға отбасы, туғандары Бородулиха ауланының халқы, орманшылар барлығы келді. Бәрі де айдың күннің аманында болған ауыр қазаға сенер емес. Көздерінде жас, көңілдерінде мұң. Қайғыны бөліссең азаяды дейді ғой. Бөлісуге келген орманшылардың бірін тыңдайық.

Ұлан Шағанов, орман шаруашылығының қызметкері: 
- Успенка орман шаруашылығында бірге қызмет еткен осы азаматтармен өте қайғырып тұрмыз, өте қайғылы жағдайға жүрегіміз ауырып тұр, айтуға сөз жоқ. Халық болып жылап жатырмыз. Нағыз батырлар батыр боп кетті өмірден. Туған туыстарына барлығына көңіл айтамыз.

Эльмира Ахметова, тілші:
- Қалған марқұмдарды жерлеу рәсімі қашан жерленері әзірге белгісіз. Өйткені осындағы орманшылардың айтуынша, әлі сараптама жүргізіліп жатыр. Дегенмен туыстары: «марқұмдардың денесі неғұрлым ертерек берілсе»,-дейді. Әсіресе қаза тапқандардың ішінде жалғыз әйелдің денесін ертерек беруді туыстары сұрап отыр.

- Эльмира, 9 күні күні өртті сөндіруге көмекке барып, жоғалып кеткен тағы бір азамат жайлы ақпарат бар ма? Табылды ма?

- Жоқ, өкінішке қарай әлі іздесітіріп жатыр. Ол жақ енді өрт болып жатқан орманшылықтардың бірі. Сондықтан іздеу де оңай болмай жатқан сияқты. Дегенмен жақсы хабар күтеміз!