Жетіжарда ТЖ жарияланды
Абай облысындағы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті тұрғын сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Науқас жедел тест тапсырғанымен, ауру расталмаған. Қазір ауылдың кіреберісіне санитарлық бекет орнатылды. Елді мекеннен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Дерттің шығу себебін анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ержан Барышев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
-Бүгінгі күнде барлық мал бастары клиникалық тексеруден өткізілуде және де күнделікті жергілікті ветеринарлық мамандардың бақылауында. Бүгінгі күнде лажсыз сойылған, ауырған малдар анықталмаған. Сонымен қатар адамның ауласынан материалдар зерттеуге алынды. Зертханаға тапсырылды.