Ұлттық киноны қолдауға бөлінген 400 млн теңге ұрланды
Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. Қадағалаушы орган өкілдері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын тексерген. Нәтижесінде аса ірі көлемдегі қаржының қолды болғанын әшкерелеген.
Тергеу-тексеру құпиясына байланысты қай киноның ақшасы және қай уақытта қолды болғаны әзірге айтылмай отыр.
Нұрсұлтан Жиделбай, Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі:
- Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын-ала мәлімет бойынша фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оны экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізуде.