Нұрлан Нығматулин коронавирустан айықты

«Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан емделіп, аурудан жазылды. Медициналық хаттамаға сәйкес Мәжіліс төрағасы коронавирусқа бақылау тестін тапсырған ол теріс нәтиже көрсетті», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұрлан Нығматулин 16 наурызда тест тапсырып, сараптама оң нәтиже көрсеткен болатын. Кейін Мәжіліс төрағасы оқшауланған еді.