Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және қызметіне табыс тіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей басшысының екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин аймақтағы ахуал жөнінде пікір алмасып, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой бөлісті. Әңгіме соңында тараптар Қазақстан-Ресей әріптестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, өзара ынтымақтастық әлеуетінің зор екеніне тоқталды.