Сосын азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру керек. Президент Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановқа сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы осында екенін айтты. Сондай-ақ жаңа судьяларды іріктеу жүйесіндегі жаңалықтармен танысты. Бас судья Президентке соттардың жұмысын бірізділікке түсіріп, сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын да айтты.