Бұл былтырғыдан 14 процентке артық. Үкімет басшысы Асқар Мамин Президентке ел дамуының 2020 жылғы қорытындысын баяндады. Өсім фармацевтика, металл өнімдерін өндіру, машина жасау салаларында да байқалған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша есеп берілді.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға да шолу жасалды.