Қасым-Жомарт Тоқаев зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді

  • 2328
  • 21.01.2021, 20:04

«Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау» деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Аталған заң жобасын Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңадан сайланған төрағасы Жәмила Нұрманбетова кері қайтаруды ұсынды. Айта кетейік, аталған заң жобасын Мәжіліс депутаттары өткен жылдың күзінде, нақтыласақ, 23 қыркүйекте 1-оқылымда мақұлдаған.