Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Көрші мемлекеттердің мүддесі ортақ. Ол – қауіпсіздік, тұрақтылық әрі өркендеу. Және осы мүдделер төңірегінде ауқымды әрі жемісті ынтымақтастық жалғаса бермек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында болған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевқа ризашылығын білдірді.
Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.