Жыл басынан бері өңірде 15 мыңнан аса жеңіл автомобиль, 736 жүк көлігі және 124 автобус шығарылған. Бүгінгі таңда Kia және Renault автомобильдерін құрастырудың жаңа желісі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ таяу жылдары Қостанайда 300 адамды жұмыспен қамтитын шойын құю зауыты да іске қосылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне елді мекендерге ауызсу тарту, Арқалық жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.