Әңгімелесу барысында өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік салалары бойынша жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, екі ел Үкіметінің тығыз қарым-қатынас жасауы қажет екеніне назар аударды. Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалға байланысты Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейту мақсатымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін де нақтылады.