Мемлекет басшысы Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті

  • 1586
  • 08.11.2021, 18:48

Польша 2022 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етпек, бұл ретте ресми Астананың тәжірибесі бар, сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев 2010 жылғы Астана саммитінде қабылданған мәлімдемелерді жүзеге асыруға дайын екенін нақтылады. Президенттер Ауғанстандағы ахуалды да талқылады. Бұл ретте қос тараптың пікірі ортақ. Ол ­– гуманитарлық проблемаларды болдырмау, терроризм мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі тасымалына қарсы бірігіп күресу.