Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен. «Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында Сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.