Қ. Тоқаев ҰҚШҰ мүше елдердің басшыларына жүгінді

  • 790
  • 06.01.2022, 11:08

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан ахуалды шұғыл әрі қатаң реттеу үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшыларына жүгінді. Айта кетейік, қазір бұл ұйымға төрағалықты Армения атқарып жатыр. Елдің премьер-министрі Никол Пашинян фейсбуктегі парақшасында: «Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік туралы Кеңесі Қазақстан Республикасындағы ахуалды тұрақтандыру үшін уақытша бітімгерлік күштерді жіберуге шешім қабылдады» ­– деп жазды.