ҰҚШҰ бітімгерлері 23 қаңтарға дейін толық шығарылады

Кеше сарбаздардың алды Ресейдің Иваново әуежайына жеткенін айтқан едік. Сол жерге Армения, Беларусь және Тәжікстан әскерилері де барып, одан әрі өз елдеріне кетеді. Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының бітімгерлерін Ресейдің әуе-ғарыш күшінің ұшақтары әкетіп жатыр. Әскер «Ил-76» әскери-транзиттік әуе кемесімен аттанған. Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгерлік күші елден 23 қаңтарға дейін толық шығарылуы тиіс.