Енді мұндай олқылықтың қайталануына жол бермеу үшін азаматтардың қауіпсіздігіне жауап беретін барлық құрылымның жұмысын өзгерту қажет.
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекеттің қорғанысын күшейту үшін нақты шаралар атқаруды тапсырды. «Барлық мемлекеттік орган өткен оқиғадан сабақ алып, ұлттық қауіпсіздік жүйесі кез келген сын-қатерге төтеп беруге дайын болу керек», - деді.