Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын. Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.