Велосипед тебудің экстремалды түрімен айналысатын спортшылар үшін алаңдар салынады

  • 2230
  • 12.04.2022, 19:26

Президенттің қабылдауында болған Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуров салада атқарылған жұмыстардың есебін берді. Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы да айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев велокоманда Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өтті.