Президент Үкіметке Ресеймен ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеуді тапсырды

  • 989
  • 17.05.2022, 18:36

Қазақстан Президенті Үкімет басшылығымен кеңес өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.