Шаһар басшысы қала экономикасының даму қарқынын тек екінші жартыжылдықтың басында тұрақтандырамыз деп отыр.
Ерболат Досаев Ақордаға келіп зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны қалай өтеліп жатқаны туралы есеп берді. Сондай-ақ индустриалды аймақты кеңейту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, қаладағы кәріз жүйесін жаңғырту туралы да айтты.
Ал Президент: «Алматыда биік үйлерді тығыз етіп салуды тоқтату керек», – деді.