Елімізде қанша дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр?

  • 989
  • 05.06.2022, 07:24

Елімізде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі қазір жұмыс істеп тұр.  Өзге 52 мемлекетте 65 учаске ашылған. Айта кетейік, елімізде 12 млн-ға жуық адам өз таңдауын жасауға құқылы. Ал шетелде дауыс беретін отандастарымыздың қатары 11 мыңнан асады.

Жалғас Әділбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

- Негізі ҚХР, Гонконг, Шанхайдағы жағдайға байланысты бюллетеньдерді DHL курьерлік қызметі арқылы жеткіздік. Түрікменстанға демалыстан оралатын Түрікменбашы қаласындағы консул арқылы жеткізілді. Қалған 61 учаскеге біздің қызметкерлеріміз дипломатиялық курьермен іссапарға барып, жеткізді.