Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та өз дауыстарын берді. Мәжіліс спикері «Қазақстан темір жолы» ғимаратында ашылған №110 учаскесінде өз таңдауын жасады. Учаске комиссиясы төрағасының айтуынша, мұнда 2 818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Премьер-Министр Әлихан Смайылов та елорда тұрғындарымен бірге республикалық референдумда азаматтық борышын орындады. Ол Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 учаскеге барып дауыс берді.