Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды

Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
  • 840
  • 14.09.2022, 17:41

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Дереккөз: akorda.kz