Тоқаев республикалық қоғамдық штабтың жұмысымен танысты
Олардың арасында Халықтық коалицияға біріккен ұйымдардың белгілі азаматтары, ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері, Парламент депутаттары, жастар және басқа да тұлғалар бар.
Жалпы үгіт-насихат жұмыстарына Халықтық коалицияның 7,5 мың белсендісі тартылған. Сондай-ақ 30 мың сенімді өкіл тіркеліп, сайлау күні барлық учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 мыңға жуық бақылаушы дайындалған.
Республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев барлығына сенім артқаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.