Кандидат 6 қала болды. Жиын барысында Салтанат Тұрсынбекова тұтынушылардың құқығын қорғау жайын сөз етті. Оның айтуынша, қазір қазақстандықтардың барлығы бірдей заңдарды біле бермейді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат: - Қазақстандықтардың 35% тұтынушы құқығы бұзылса ешқайда жүгінбейді екен. Сауда орталықтарына, дүкендерге, базарларға, тамақтану орындарына барамыз. Осы мәселелерде тұтынушы ретінде құқықтарымыз қаншалықты қорғалған? Кәсіпкермен жанжал туындаған жағдайда қайда жүгінетінін білмейді.