Кандидат өзінің бағдарламасын түсіндірді. Жиын барысында сайлаушылар тарапынан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді. Мейрам Қажыкен сапар соңында штаб отырысын өткізді. Сенімді өкілдер өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары жайлы баяндады. Алдағы жоспарлар да пысықталды.
Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:-Штаб өкілдері аудандарға барып, халықтың алдында бағдарламамды таныстырып, насихат, үгітін жалғастырады. Келесі өңір Маңғыстау өңірі. Ақтауда екі күн боламын. Ол жақтада 5-6 кездесулер өтеді. Жаңаөзенге барамын жоспар бойынша.