Жиында көпбалалы аналар оппозициялық партия өкіліне бірқатар әлеуметтік проблеманың шешілмей жатқанын айтты. Мысалы, баспана базынасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің нашарлығы, балабақша мен мектептің жетіспеушілігі бар. Ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйіне қатысты сауалдар да болды. Нұрлан Әуесбаевқа сайлауалды тұғырнамасы бойынша да сұрақтар қойылды.
Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:
-Кездесу өте тартысты өтті. Әр алуан сұрақтар болды. Өте-мөте қиын сұрақтар, бірақ көкейімізде жүрген келелі мәселелерді көтерді. Көптеген ана өздерінің жанайқайын айтып, шырылдап. Ол қойылған сұрақтардың бәрі өте орынды, дұрыс. Жалпы өзіміздің кездесу барысында 56 іс-шара өткізуіміз керек тұғын, енді өзіміздің жоспаралған. Соның басым бөлігін біз өткіздік, атқардық.