Сондай-ақ штаб мүшелері мұнай-газ және балық өңдеу кәсіпорындарындағы мамандармен, сондай-ақ мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесті. Бұл шараларда энергетикалық секторды, балық шаруашылығын дамыту және кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту мен жалақыны арттыру мәселелері талқыланды.
Бақтықожа Ізмұхамбетов, Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі: - Біздің мақсатымыз – осы жергілікті халықпен, өндіріс орындарындағы адамдармен кездесіп, сайлаудың маңыздылығы, сайлауға байланысты түсіндіріп айту.