Саяси науқанда өмірге келгендердің 406 бұрымдылар болса, 418 атқа мінерлер. Түркістан облысында 140 нәресте өмірге келсе, Астанада 68, Шымкентте 65 бала туған. Ұлытау мен Павлодарда дүниеге келгендер саны 15-ке жуықтайды. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында. Сәбилер саны — 8. Бір қызығы, Атырауда дүниеге келген екі нәрестеге Сайлаубек және Сайлаугүл есімдері берілген. Ал Қызылорда облысында Қасым-Жомарт есімді сәби дүние есігін ашты.