Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті
  • 917
  • 21.11.2022, 10:36

Мемлекет басшысы бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сай келетінін атап өтті.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.