Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Еліміздегі жылу қазандықтарының 66% ескірген

  • 1254
  • 01.12.2022, 18:05

Олар толық ауыстыруды қажет етеді. Бүгінгі Сенат отырысында осылай деген депутат Алтынбек Нұхұлы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, жылу беру маусымына дайындық пен оған жауапкершілікті күшейту шараларын қабылдау жыл басында ұсынылған болатын. Алайда Үкімет мұндай шешімге Екібастұз қаласында болған ірі апаттан кейін ғана келіп отыр. 

Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жылумен жабдықтау саласында тиімді мемлекеттік саясат қалыптастыруға, орталықтандырылған жылумен жабдықтау нарығы субъектілерінің өзара қарым-қатынасын, жылу энергетикалық бақылау мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін салалық заң қабылдауды ұсынамыз.