Сенат екі заң жобасын мақұлдады

  • 820
  • 26.01.2023, 18:00

Біріншісі, цифрлық майнингті дамыту үшін құқықтық база жасауға бағытталған. Ал ендігісі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық жабдықтар айналымындағы мәселелерді реттеуді көздейді. «Бұл өзгерістер құрал-жабдықтар тапшылығын жоюға, мүмкіндік береді»,дейді Денсаулық сақтау министрлігі. Олардың айтуынша, бүгінде елдегі медициналық мекемелер 85% жарақтандырылған.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы: 
- Негізгі бірыңғай тіркеу рәсіміне байланысты болып тұр. Осы рәсімді 25 жылдың 31 желтоқсанына дейін шегеріп, негізгі сол уақытқа дейін өзіміздің ұлттық тіркеу тәртібін жалғастыруды көздеп отыр. Негізгі мақсат – медициналық бұйымдарды Қазақстан нарығында үздіксіз қамтамасыз ету.