Депутаттыққа үміткерлер Екібастұздағы тарихи-өлкетану музейінде болды. Еңбек ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Мұражай қызметкерлері мәдениет саласындағы және өңірдегі бірқатар мәселе бойынша сұрақ қойып, жауап алды. Павлодар облыстық штабының өкілдері бүгінге дейін 30-дан астам іс-шара өткізді
Қанат Сақауб, ЖСДП мүшесі: - Аймағымыздың әлі аралайтын аудандары көп. Өзіміздің бағдарламамызбен әлі көптеген ауылдарға барамыз. Жалпы облыс бойынша халық жақсы қабылдап жатыр. Ең бастысы сол сайлаушылардың белсенділігі.