Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына 1 аптадай уақыт қалды. Үміткерлердің бұл кезеңдегі жұмысы қызу жалғасуда. Тиісінше халық та олардың бағдарламаларымен жіті танысып жатыр. Ал сайлауға деген елдің ендігі пікірі қандай?
– Кандидаттарды танисыз ба?- Танимын, көбісін танимын. Әділ Қазақстан болады деп үміттеніп жатырмыз. Сенеміз. Жастардың қолында, жаңа депутаттардың қолында. - Дауыс бересіз бе?- Иә береміз ғой- Кандидаттарды танисыз ба? - Жоқ бәрін танымаймын.- Өзгерістер болады деп ойлаймын. Заман баяғыдай емес. Халық қазір өзінің қажеттіліктерін жеткізе алады. - Дауыс бересіз бе?- Қазақстан азаматы болған соң дауыс береміз міндетті түрде. - Бұрын енді партиялардан түсетін болған. Қазір енді өздері жеке адамдар өздері де түсе алады сайлауға. - Үміткерлердің бағдарламасымен танысып үлгердіңіз бе? - - Жалпы таныстым. - Қандай үміт күтесіз өзіңіз?- Халыққа қызмет етсе. Елдің жағдайын арттырса, жол мәселесі халықты қинайды. Ауа райының қолайсыздығына қуаңшылық. Ауылға су қоймаларын салып берсе.- Парламенттің жаңа құрамынан не күтесіз?- Қазақстанымыздың болашағы жарқын болатынына мен сенемін!