Елорда тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, халықпен тілдесті. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Еліміздің барлық өңірінде саяси ұйымның үгіт-насихат жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін 10 мыңнан астам іс-шара өткізілді.
Аяулым Мұқашева, «Ақ жол» демократиялық партиясының штаб мүшесі:- Сайлаудың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан да үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біздің партиямыздың белсенділері қала тұрғындарына үгіт-насихат материалдарын таратып партияның бағдарламасы жөнінде қысқаша айтып берді.