Тоқаев елімізге бөлшек сауда салығын қайтару туралы заңға қол қойды
Бұған дейін Салық кодексіне енгізілген түзетулерді Сенат мақұлдаған. Ендігі нормативтерге сәйкес бөлшек салықты жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, жылдық табысы 2 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлер қолданады. Салық ставкалары жеке тұлғаларға сатқан кезде 4%, заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% болып белгіленді.