Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады

Мемлекет басшысы Sun Seven Stars Investment Group компаниясының тең төрағасы және Бас директоры У Чжэнді қабылдады
  • 1021
  • 09.06.2023, 20:39

Кездесу барысында қаржы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру және онлайн-сауда, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.

Президентке жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар У Чжэн өз компаниясының АХҚО базасында Көміртегінің жаһандық цифрлық сауда орталығын ашу жоспары туралы айтты.