Президент 1 қыркүйек Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

  • 2177
  • 31.08.2023, 18:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Маңызды жиынды, «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы 1 қыркүйек күні, сағат 11:00-де.