Қостанайдағы форум Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты нығайта түседі. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мен еркін тауар айналымы мәселелерін пысықтады. Биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 17 млрд доллар болса, былтыр екіжақты сауда көлемі 27 млрд долларға жеткен еді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Оның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады. Мамандар форумның қос ел үшін берері мол екеніне сенімді.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:-Мұндай кездесулерде белгілі бір мәселелер ғана емес, өңіраралық байланысты нығайтуға қатысты бастамалар да қаралады. Міне биыл ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп отыр. Азық-түлік не өзге де өнімдерді кедергісіз тасымалдау жолға қойылады. Байланысты одан әрі арттыру тетіктері қаралады.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:-Бүгінгі форумда азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелер ауыл шаруашылығы секторына цифрлық технология енгізу. Жастарды ауыл шаруашылығына тарту мәселесі талқыланатын болады. Сондықтан бұл шара жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:-Елімізде агробизнеспен айналысып жүрген кәсіпкер аз емес. Жинаған тәжірибеміз де бар. Солармен бөлісіп және проблемалық сұрақтар да талқыланатын болады. Ең бірінші менің ойымша климаттық проблема. Өйткені Қостанай облысындағы соңғы 5 жылда екі жыл құрғақшылық болды. Биыл жуын-шашын көп жауып, қаншама қиындықтарды көріп жатқанымызды білесіздер.