Ватиканға ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сикстин Капелласын, Әулие Петр мен Павелдің Капелласын (Паолина Капелласы) және Апостол сарайындағы Король залын аралап көрді.Президент экскурсия барысында Микеланджело мен басқа да көрнекті шеберлердің өнер туындыларын тамашалады, сондай-ақ Ватиканның бай тарихымен танысты.