Президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, Сыртқы істер вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2015 жылдың желтоқсанында Президент көмекшісі болып тағайындалды. Ал 2022 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен Премьер-министр қызметіне келді. Биыл 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетіп, Әлихан Смайылов орнын босатқан болатын.