Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр. Түрлі салада бірлескен жобалар қолға алынған. Оларды іске асыру барысы бүгін Алматыда өткен үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысында талқыланды. Өзбекстан тарабы елімізде 3 инвестициялық жобаны қолға алған. Оның бірі – Тараз қаласындағы 500 мың тонна болат өнімін шығаратын электро-металлургия зауыты. Жалпы құны 3 млрд 100 мың доллар болатын 69 жобаны іске асыру жоспарда. Нәтижесінде 15 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:-Өзбекстан біз үшін тату көрші, одақтас және бауырлас мемлекет болып табылады. Орталық Азиядағы барлық сауданың 57% біздің елдерімізге тиесілі. Былтыр тауар айналымы шамамен $4,5 млрд құраса, ағымдағы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш $1,2 млрд-тан асты.