Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
  • 993
  • 20.08.2024, 11:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйок пен барша мажар халқын ұлттық мерекесі – Әулие Иштван күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.